Отандасымыздан бөлек турнирге тунистік Онс Жабер мен Үлкен дулығада 4 мәрте топ жарған жапониялық Наоми Осака қатысады
Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдоннан кейін қай турнирге қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол 1 тамызда басталатын Сан-Хоседегі жарыста өнер көрсетеді. Оған отандасымыздан бөлек тунистік Онс Жабер мен Үлкен дулығада 4 мәрте топ жарған жапониялық Наоми Осака қатысады деп күтілуде.