Қазақстанда алғаш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

12.10.2022 19:22

Оған 50-ден астам елден 800-ге жуық спортшы қатысады деп болжанды

Instagram/yjwch_kazakhstan

2023 жылдың 4-12 наурызында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан биатлонистер одағының мәліметінше, елімізге әлемнің ең мықты жас биатлоншылары келіп, бес түрлі спорт түрінен жарысады. Осылайша 18 жарыста жүлделі орындар сарапқа салынады. Оған 50-ден астам елден 800-ге жуық спортшы қатысады деп болжанды.

"Біз мұндай ауқымды шараны Қазақстанда алғаш рет өткізіп отырмыз. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу - Қазақстанның биатлон тарихындағы маңызды кезеңі. Бұл шара елімізде балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына серпін береді деп ойлаймыз", - деді Қазақстан биатлонистер одағының басшысы Ермек Қизатов.

Осы дүниежүзілік жарысқа қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы Щучьедегі базада желтоқсан айында өтетін Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша анықталады.