Алматы облысында ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен дүбірлі көкпар сайысы өтті. Ұлттық ойында елдімекендердің үздік деген 6 командасы бақ сынап, өзара кіл мықтыны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы облысындағы биылғы алғашқы көкпар Үшқоңырдың жазығында өтті. Ауыларалық чемпионат батамен басталып, дүбірлі сайысқа жиналған шабандоздар ат үстінде көк байрағымызды желбіретіп, аумақты аралап шықты. Жарыстың ашылу салтанатынан кейін, серке тасталып, тартысты ойынға ұласты.
– Бұл эстафета ауылдық округтің жастарын дамыту деп ұйымдастырды. Есірткіге жақын болмасын, одан да атқа мінсін деп жастарымызды соған қарай бағыттап жатырмыз, – деді шабандоз Ермұхан Шаймерденов
Сайысқа 6 команда қатысты. Олар аламан емес, халықаралық стандартқа сәйкес бекітілген ережеге сай көкпар тартты. Яғни, серке белгіленген аумақтан шықпайды, салым бойынша ұпай саналып отырды.
Бұл үлкен көкпарға атын баптап, сақадай сай келген шабандоздар өзара кіл мықтыны анықтады. Енді бұл ұлттық ойынды ұйымдастыруға, ауа райының қолайсыздығы, яғни, аяз бен тұман кедергі болмады.
Қалың тұман, керісінше, ойынды қызықтыра түскендей болды. Себебі бұл көкпарға кәсіпқойлар емес, әуесқойлар ғана шақырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оларды мұндай қиындықтар шындай түседі. Жарысқа 12 команда келеді деп жоспарланған.
– Әр ауылда үлкен лигаға ойнап жүрген балалар бар. Мықты кәсіпқойлар. Оларға өзіміздің ережеге сәйкес қатысуға рұқсат берілмеді. Мақсатымыз – жастарды өсіру. Олар лигаға шыққаннан кейін, бұл жарысқа қатыспайды, – деді Қарасай аудандық көкпар федерациясының президенті Айдар Оқасов.
Ұлттық ойын жанашырлары қазақ көкпарын жаңа деңгейге өсірмек. Ауыл ақсақалдары да мұндай ұлттық ойындар «біреудің асында немесе Наурыз мейрамында ғана емес, жиі ұйымдастырылып тұрса, Англияның футболы, Канаданың хоккейі секілді төрткүл дүниеге танымал спорт болар еді» дейді.
- Бұл - болашақ жастар үшін тәлім-тәрбие. Кең байтақ даламыз ұрпаққа бұйырып, тұғырымызды биік көтеріп, туымызды тік ұстап, салиқалы, иманды ұрпақ сүйіп, жігіттердің тақымы мығым болсын дегім келеді. Ат сүрінбесін, бәйгелі болсын, – деді Қарасай ауданының құрметті азаматы Қайрат Байбақтинов.
Өңірдегі жұрттың айтуынша, дүбірлі көкпар ауылда бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ. Ұлттық ойын аймақта ай сайын өтетін көрінеді. Айта кетсек, бұл жолғы іс-шарада ат спортынан бөлек, қазақша күрес те болды.
Оразай Нұртайұлы, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!