Жарыс ТМД елдері арасында өтті
Беларусьте өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында ел құрамасынан самбошылар мен каратэшілер жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, самбодан жарыс Жлобин қаласында өкізілді.
Алғашқы күні самбодан ел құрамасы құрамасы 2 алтын және 3 қола медаль алды. Қазақстандық Жасұлан Нариманов (58 келі) пен Арнұр Қуатай (71 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ.
Ал Еламан Қойшыбаев (88 келі), Айжан Жылқыбаева (50 келі), Шынар Абатова (72 келі) қола жүлдегер атанды.
WKF каратэден алғашқы жарыс күнінде ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева алтын алды. Ал кумите бағдарламасында Әбілмансұр Батырғали күміс медаль иегері болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ТМД елдерінің ойындарында қазақстандық суға жүзушілер үш медаль жеңіп алды.