Ақмола облысының балуан қыздары Қазақстан чемпионы атанды

06.03.2021 19:32

Жарыста Ақмола облысының спортшыларына тең келер ешкім болған жоқ

inform.kz

Ақмола облысының балуан қыздары Қазақстан Чемпонатында төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте облыс құрамасы 1 орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласында еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының U-23 чемпионаты аяқталды. 

«Жарыста Ақмола облысының спортшыларына тең келер ешкім болған жоқ. Боз кілемге шыққан ақмолалық арулар Эллада Махяддинова (53 кг), Айна Теміртасова (65 кг), Альбина Қайыргельдинова (68 кг) және Александра Зайцева (72 кг) қарсыластарының барлығын жеңіп, ел чемпионы атанды», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина. 

Сонымен бірге Ақмола облысының құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша да 1 орын алды.