«Сиань-Алматы» достық велошеруіне қатысушылар сейсенбі күні Сиань қаласынан (Шэньси провинциясы) шықты. ҚХР аумағындағы ежелгі Жібек жолы арқылы өтетін шеруге Қытайдан 30 велошабандоз қатысуда. Қазақстан аумағына өткенде оларға қазақстандық спортшылар да қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Акция ұйымдастырушылары мен велосипедшілер Сиань қаласындағы «Жібек жолының бастауы» деп аталатын тарихи жерде өткен велошерудің салтанатты ашылу рәсіміне жиналды.
«Жаңа Жібек жолы» қоғамдық қорының басшысы Хусейн Дауров құттықтау сөзінде «Сиань-Алматы» велошеруі Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы достықты нығайтуға және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылғанын айтты.
«Сиань-Алматы» достық велошеруіне қатысушылар 4 мың шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Қытай аумағында бұл бағыт Шэньси (Сиань, Саньян, Баоцзи), Ганьсу (Ланьчжоу, Дуньхуан) және Шыңжаң (Хами, Турфан, Үрімші, Қорғас) провинциялары арқылы өтеді.
Қазақстан аумағында велошеруге қазақстандық спортшылар қосылып, қатысушылар 2023 жылдың 7 қыркүйегінде халықаралық көпкүндік велотурды Алматыда аяқталады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп автомобиль шығарады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!