Жәрмеңкеде спорттық киімдер мен тағамдар және өзге жабдықтар сатылымға шығарылады
19 сәуірде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алдында спорттық жәрмеңке жұмысын бастайды. Аталған шара «Алматы марафон» халықаралық жарысы қарсаңында биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр
19 және 20 сәуірде жәрмеңкеде бір спорт алаңының өзінде 30-дан астам экспонент жиналады. Олардың қатарында спорттық киім брендтері, тағам өндірушілері мен дистрибьюторлар, дәрігерлер мен іс-шараны ұйымдастырушылар бар.
Бұл күні сондай-ақ, «Алматы марафонға» қатысатын 17 мыңға жуық адамға спорттық киімдері мен жабдықтары таратылады. Онсыз қатысушылардың ешбірі жүгіру жолына жіберілмейтінін айта кету керек.
Мерекенің басты ерекшелігі – бұл күні спорттың бірнеше түрінен, атап айтқанда, бокс, кикбоксинг, велосипед спорты, кардиологиялық жаттығулардан қала тұрғындарына бапкерлер дәріс өткізеді.
Жалпы жәрмеңке 19-20 сәуір күндері таңертең 10:00-де ашылып, 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.
Еске салайық, «Алматы марафон» 21 сәуірде өтеді. Халықаралық жарысқа әлемнің 53 елінен қатысушылар келеді.