Іріктелген командалар 21 наурыздағы ақтық кезеңге жіберіледі
Алматы мектептерінде ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
1 наурызда басталған іс-шара әуелі ауданаралық деңгейде қарқын алған еді. Іріктелген командалар 21 наурыздағы ақтық кезеңге жіберіледі.
«Біздің ауданымызда 35 мектеп бар. 35 мектептің арасында іріктеуден шыққан 6 команда келіп отыр. Енді осы 6 команда жеңіп, қалалық ақтық жарысқа шығуы керек. Қазір 150-дей оқушы қатысып жатыр. Олардың зейіні ашылып, ұлттық ойын ойнауға ынтасы артта түседі. Тәрбиелік мәні де маңызды деп ойлаймын», – деді Әуезов ауданының спорт әдіскері Берік Ақбаев.
Мектеп лигасының ойындары асық ату, тоғызқұмалақ, бес асық пен арқан тарту және қазақша күрес сынды ұлттық спорт түрін қамтыған. Аталған фестиваль мақсаты – қаладағы бұқаралық спорттың дамуы мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
«214 оқу мекемесінің арасында 7600 оқушыны қамтитын фестиваль ұлттық спорт түрлерін қамтиды. Ақтық кезең Астана алаңында өткізіледі. Аудандық іріктеуден өткендер қалалық сайыста бақ сынайды», – деді Спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан.
Оқи отырыңыздар: Мемлекеттік мекемеге жұмысқа тарту механизміне өзгеріс енгізілмек