|
23.11.2023 | 14:38
711

Almaty Cup: Алматыда халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Жарысқа әлемнің 16 елінен 52 команда қатысады

Almaty Cup: Алматыда халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті Almaty.tv

Алматыда төрт құрлық чемпионатының және эстетикалық топтық гимнастикадан «Almaty Cup» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болатын жарысқа әлемнің 16 елінен 52 команда қатысады. Олардың ішінде Италия, Испания, Франция, АҚШ және тағы басқа елдің спортшылары бар. Әлем чемпионаты 25-26 қарашада өтеді. 

Айта кетейік, Қазақстанда эстетикалық топтық гимнастика 2018 жылдан бастап дамып келеді. Былтыр біздің қыздар әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Азия чемпионатында жеңіске жеткен еді. Алдағы додада ең әдемі спорт түрінің қатысушыларына сәттілік тілейміз.

– Бүгін бізде үлкен іс-шара өткелі жатыр. Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр десек болады. 11 елден кәсіби төрешілеріміз келді. Әрине, біздің құрама үздіксіз дайындық жұмыстарын жүргізді. Оларға жеңіс тілеймін, – деді Эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Мадина Бектұрғанова.

Оқи отырыңыз: Сайран көлінің аумағы қашан қайта жаңартылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир