|
24.10.2021 | 14:41
462

Футболдан Қазақстан чемпионаты: бүгін 25-тур ойындары басталады

Футболдан Қазақстан чемпионаты: бүгін 25-тур ойындары басталады ғаламтордан

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Барлық ойындар бүгін, 24 қазанда өткізіледі. Аталған турда жанкүйерлер 15.00-де басталатын «Қайрат» (Алматы) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойындарына көз тігеді. Қазір «Астана» мен «Тобыл» чемпиондыққа талас жүргізіп келеді. Олардың бірі бүгін сүрінген жағдайда алтын медаль тағдыры шешілуі мүмкін.

Айта кетсек, «Қайрат» биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Дәл осы уақытта «Тараз» бен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Қызылжар» (Петропавл), «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе» өзара шеберлік байқасады.

Ал 17.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» жасыл алаңға шықса, аталған турды 19.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары түйіндейді.

24-тур нәтижесі бойынша 56 ұпаймен «Астана» көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» - 55, «Қайраттың» - 47 ұпайы бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир