Қазақ күресінен Qazaqstan Barysy турнирі өтіп жатыр

04.07.2021 19:42

Аталған бәсеке карантин талаптарына сай көрермендерсіз ұйымдастырылып отыр

kazinform.kz

Елордада Qazaqstan Barysy республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Биыл балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналып отыр. 

Оныншы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысы мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысады, оның ішінде жобаның жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев бар.

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Ерасыл Қажыбаев 153 келі тартса, Ерсұлтан Мұзаппаров ең жеңіл салмақ көрсетті (90 келі).

Аталған бәсеке карантин талаптарына сай көрермендерсіз ұйымдастырылып отыр.

Турнирді Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирден тамашалауға болады. Сонымен қатар Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіп жатыр.