Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатының медальдар есебінде төртінші орын алды
olympic.kz
Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, екі күміс және бес қола медаль бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дзюдодан 2022 жылы Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатында Қазақстан медальдар есебінде төртінші орын алды, деп хабарлайдыAlmaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, екі күміс және бес қола медаль бар.
Турнир чемпионы болып Данияр Шамшаев (78 келіге дейін) атанды. Күміс жүлде Ислам Бозбаев (100 келіге дейін) пен Абиба Әбужақыноваға (48 келіге дейін) бұйырды, ал Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Дидар Хамза (90 келіге дейін) және Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін) қола медаль алған болатын.
Үздік үштікке Жапония, Моңғолия мен Өзбекстан кірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25