Бағдарламада Қ.Хамитов 2020 жылдағы естеліктері мен алдағы жоспарын айтты
«Алматы» телеарнасының таңғы ақпараттық-сазды «Таңғы студио» бағдарламасының тікелей эфирінде аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қашан үйленетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бағдарлама жүргізушілері оның қашан үйленетінін сұрағанда, ол:
«Мен қазір 2021 жылы үйленемін десем, ертең жаңалық болып кетеді. Сондықтан қашан үйленетінімді айтпай-ақ қояйын, осы жылдың аяғына дейін үйленіп қаламын. Үйленуге асық емеспін, біреуге кездесіп, бас айналатындай сезім болса, аяқасты үйленермін» – деді Қ.Хамитов.
Сонымен қатар, бағдарламада Қ.Хамитов 2020 жылдағы естеліктері мен алдағы жоспарын айтты.