|
28.03.2022 | 22:26
15077

Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Алматыда қыздар арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды

Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды Almaty.tv

Алматыда гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Жарысқа 5 мемлекеттен барлығы 80-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Бір аптаға созылған сары құрлық додасында отандастарымыз командалық есепте 2-орын алып, әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Қазақстан құрамасы бір аптаға созылған чемпионаттың соңғы күнінде Өзбекстанға қарсы ойнады. Гандболшы қыздарымыз матчтың алғашқы бөлігінде қарсыластар қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, басымдықды өз қолдарына алды. Ал 2-таймда ойын тең дәрежеде өрбіп, 2 жақ та гол салумен болды. Қорытынды есепте жерлестеріміз 31:29 есебімен қарсыластарынан басым түсіп, көрермен қошеметіне бөленді. 

«Алдағы мақсат – Грузиядағы әлем чемпионатында Қазақстанның гандболдан қандай мықты ел екенін көрсету. Жанкүйерлерімізге алғысымызды білдіреміз», - дейді ойыншы Айсина Жұмабек.

Осылайша, спортшыларымыз Азия чемпионатында Сирия, Үндістан және Өзбекстан құрамаларынан басым түсіп, Иран қыздарына ғана жол берді. Енді Қазақстан мен парсы елі өкілдері алдағы тамыз айында Грузияда өтетін Әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Бұл – Азия және әлем чемпионаттарында бар спорттық ойын. Сондықтан әлде де бұқаралық осы спорт түрін дамыту керек. Өте жақсы ойын», - деді Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

Айта кетейік, бұл чемпионатқа Азия фавориті саналатын Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай спортшылары өз елдеріндегі коронавирустық жағдайға байланысты қатыса алмады.

Мерей Қанапиянов, Сағынғали Мұңайтбасов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир