|
09.07.2021 | 14:51
2586

Алматыда MTK FIGHT NIGHT халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтеді

10 шілдеде Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін кеште 12 жұп сайысады

Алматыда MTK FIGHT NIGHT халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осыған орай спортшылардың жекпе-жек алдындағы соңғы ашық жаттығуы мен баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Кіл мықтылар жиналған сайыстың басты жекпе жегінде осыған дейінгі 10 кездесудің барлығында басым түскен отандасымыз Сұлтан Зауырбек пен шотландиялық Ронни Кларктын жұдырықтасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қарсыласым IBF тұжырымы бойынша экс-чемпион. Ағылшын спортшысы. Барлық жағынан зерттедік солақай боксшы екен. Өзім де солақаймын. Сол жөнінде жаттығулар өткізіп... Жекпе-жекке сақадай саймыз», – деді кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек.

Айта кетейік, 10 шілдеде Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін кеште 12 жұп сайысады. Олардың арасында елімізге танымал Тұрсынбай Құлахмет, Дәурен Елеусінов, Иван Дычко сынды боксшыларымыз бар. Одан бөлек қала қызыл аймақта болғандықтан жекпе-жектер барлық санитарлық талапты сақтап, еш көрерменсіз өтеді.

«Көпшілік боксшылар мен халық күтіп отырған жекпе-жек Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек арасындағы кездесу. Бұл жекпе-жек 8 раундка жоспарланып тұр. Енді көреміз өте тартысты, қызықты жекпе-жек. Кім жеңімпаз екенін айту қиын жекпе-жектер болады ғой. Сондай кездесу бұл», – деді турнир матчмейкері Жалғас Түкешов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир