|
01.05.2022 | 14:53
5593

BoxRec үздік қазақстандық боксшылар рейтингісін жаңартты

BoxRec үздік қазақстандық боксшылар рейтингісін жаңартты

Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді.

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7

2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51

6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07

7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96

8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69

9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655

10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир