Паралимпиада-2020: Теміржан Дәулет күміс медаль алды
Темиржан Даулет. Фото Национальный паралимпийский комитет
Теміржан Дәулет 73 келі салмақта сынға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық парадзюдошы Теміржан Дәулет күміс медаль алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Теміржан Дәулет 73 келі салмақта сынға түсті. Ол финалда өзбекстандық Феруз Саидовпен шеберлік байқасты. Бәсеке барысында Теміржан қарсыласының осал тұсын табуға тырысты.
Дегенмен қарсыласына иппон әдісімен жол беріп қойды. Теміржан жартылай финалда грузин Георгий Калданиден айласын асырып, қарсыласын иппонмен жеңді.
Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, парадзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05