Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.
Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram-аккаунтында Қанат Исламмен бірге жұдырығын түйіп тұрып түскен суретін жариялаған болатын. Мемлекет басшысы сол кезде боксшыға алдағы жекпе-жектерінде сәттілік тілеген еді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!