Данияр Елеусінов промоутерімен келісімшартты бұзды
prosports.kz
Ол британдық Эдди Хирнің қол астында жаттыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бокстан жартылай орта салмақтағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов промоутерімен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.
Ол британдық Эдди Хирнің қол астында жаттыққан. Worldboxingnews.net сайтының хабарлауынша, Данияр ірі жекпе-жектер өткізбегені үшін компанияның жұмысына көңілі толмайтынын айтқан.
Аталған компания кәсіби рингте Даниярдан бөлек тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, Елеусінов өткен жылдың соңында намибиялық Джулиус Индигоны жеңіп, IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін иеленді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25