Финалда Беларусь спортшысы Арина Сабаленкодан басым түсті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ktf.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші финалда басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0.
Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.
Оқи отырыңыз: Елімізде дәстүрлі садақ ату спорты қолдауға мұқтаж