Допингке қарсы орталық тағы екі спортшыны жарыстан шеттетті

Допингке қарсы орталық тағы екі спортшыны жарыстан шеттетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым-салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін тағы да жаңартты, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Ресми сайттағы тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген.  Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйы салынған оралтуринабол табылды.

Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді. Ал Әсем Жәкенова мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спортта допинг қолдануға қарсы және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау туралы ұстанымын толығымен қолдайды.  




Новости партнеров