Жүлде қоры 3 миллион теңге
Алматыда Almaty Cyber Games Students League турнирінің ақтық мәресі өтіп жатыр. Додада еліміздің 12 жоғары оқу орнынан келген 300 студент бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысты студенттік киберспорт жөніндегі Ұлттық қауымдастық пен Алматы қаласы цифрландыру басқармасы ұйымдастырған. Жеңімпаздардың есімі ертең белгілі болады. Еске сала кетейік, жүлде қоры 3 миллион теңге.
– Біз мұндай көлемді жарыс болады деп ойламадық. Алайда қуаныштымыз. Киберспортқа мән беру керек сияқты. Себебі, алдағы уақытта халықаралық олимпиада ойындарының қатарына қосылады дегенді естіп жатырмыз, – деді студенттік киберспорт жөніндегі ұлттық қауымдастық президенті Асқар Нұрпейісов.
– Біз осы финалға жету үшін бірнеше квалификациялардан өттік. Яғни, 4 бастапқы команданы шығару үшін 4 квалификация өткізді. Жарыста бәсекелестік туындайды және соның арқасында болашақта үлкен турнирге жетеміз деген ойым бар, – деді жарысқа қатысушы Абдуллах Тұрсынбек.