Елена Рыбакина Римде өткен турнир жеңімпазы атанды
img.prosports.kz
Рыбакина финалда украиналық Ангелина Калининамен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елена Рыбакина Римде өткен Internazionali BNL d'Italia турнирінің жеңімпазы атанды. Соның арқасында әлемдік рейтинг кестесінің 4-орнына жайғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы жарыстан ол мың ұпай мен 521 мыңнан аса еуро еншілеп қайтты. Рыбакина финалда украиналық Ангелина Калининамен кездесіп, бірінші сетті 6:4 есебімен сәтті бастады. Ал екінші сетте Ангелина жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
– Соңғы 2 апта өте қиын болды. Ойынды жақсы нәтижемен еңсердім. Ендігі мақсат – Францияда өтетін турнирде өнер көрсету. Қазір өзімді жақсы сезінемін, – деді WTA 1000 - Internazionali BNL d'italia турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10