Процесс онлайн режимде өтті
Алмалы аудандық соты аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Процесс онлайн режимде өтті.
«Қуат Хамитовты ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен айыпты деп тауып, 6 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды»,– деді судья.
Айыпталушы сот үкіміне 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады. Оның алдында спортшы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол шетелге шығуға тыйым салмауын өтінген еді. Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.