Жанбота Алдабергенова фристайлдан әлем кубогында жүлде алды

03.12.2021 20:07

Бұл – фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы

olympic.kz

Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды. Әйелдер арасынан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Финалда ол 80,04 ұпайымен жарысты екінші орынмен аяқтады. 

Жарыс нәтижесі бойынша қытайлық Кун Фаньюй топ жарса, оның командаласы Шао Кью үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, бұл фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы.