|
10.03.2020 | 19:01
3205

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды

Келесі кездесуін алматылық Қайрат 11-наурыз күні «Оқжетпеске» қарсы өз алаңында өткізеді

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды Аlmaty.tv

7-8 наурыз күндері өткен алғашқы тур ойындары көрермендердің көңілінен шықты. Өз алаңында «Таразды» қабылдаған алматылық «Қайрат» қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсіп, маусымды жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сары қаралардан Конрад Вржещиньский мен Абат Аймбетов мергендігімен көзге түссе, «Тараз»  сапынан Нилс Цатл гол соқты. Ауа-райының қолайсыздығана қарамастан «Орталық алаңға» жиналған жанкүйерлердің қарасы қалың.

Айта кету керек, қар бүкіл матч бойы тоқтамады, алайда уақытында анық белгіленген сызықтар мен ашық түсті доп футболшыларға да, көрермендерге де көмектесті. Сондай-ақ, өзге кездесулерде, «Астана» «Қызылжарды» 4:0, «Ордабасы» «Оқжетпесті» 1:0, «Тобыл» «Шахтерды» 3:1, «Жетісу» «Каспийді» 2:0, «Қайсар» «Ертісті»  1:0 есебімен ұтты. Келесі кездесуін алматылық Қайрат 11-наурыз күні «Оқжетпеске» қарсы өз алаңында өткізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир