Доданың мердігерлері мен басшыларынан жауап алынып жатыр
Көрермені көп «Қазақстан барысы» турнирінің бюджетін құзырлы органдар тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеуді бастап та кеткен. Олар қазақ күресінен өтетін жарысқа бөлінген 1 миллиард теңгеден аса қаражаттың есебін сұрауда. Турнирге қатысты басшылар мен мердігерлерден жауап алынып, құжаттар май шаммен қаралмақ. Ведомство өкілдері тергеуге қатысты өзге ақпар әзірге жария етілмейді деді.
Айта кетсек «Қазақстан барысы» – 2011 жылдан бері жыл сайын өтетін ең ауқымды додалардың бірі. Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Мақсат Исағабылов деген палуандар дәл осы турнирде топ жарып, елге танымал болған.