Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қазақстандықтар 8 медаль жеңіп алды
Instagram/drs_kz
Турнир 28 ақпанға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бангкок қаласында джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында 7-ші Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Әлем чемпионатында еліміздің туы сегіз мәрте көтерілді. Самат Сәрсенұлы (56 келі), Әбу-Бәкір Жәнібек (62 келі) және Руслан Кенжеғара (69 келі) Азия чемпионы атанды. Жеңіс Нұрлыбаев (56 келі), Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (69 келі) және Жандос Нұрмұханбетов (85 келі) Азия турнирінің күміс жүлдегерлері деп танылды. Қола жүлделерді Бекзат Баймұратов (77 келі) пен Лев Винс (94 келі) жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы қазір медальдар бойынша жалпы командалық есепте екінші орында.
Турнир 28 ақпанға дейін жалғасады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40