Шыңғыс Байқашев пен Нияз Жанұзақов Іле-Алатау тауына көтерілді
Алматылық спортшылар Шыңғыс Байқашев пен Нияз Жанұзақов 24 сағат ішінде Іле-Алатау тауына көтеріліп, 100 шақырым жолды жаяу еңсерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сапарды Қаскелең шатқалынан таңғы сағат 05:30-да бастаған атлеттер Талғар селден қорғау бөгетіне барып аяқтады. Осылайша тау сүйетін қауым үшін тағы бір жаңа жүру жолы пайда болды. Идея және маршрут авторы аталмыш челлендж адамның физикалық әрі рухани мүмкіндігінің шексіз екенін көрсетеді дейді.
«Ең алғашқы 30 км өте күрделі. Сондықтан бізге таңертең өту керек. Ең үлкен биіктігі 3600 метр. Бірнеше өзен болады. Соның бәрін өтіп, таңға дейін өту керек», –деді скайраннер Шыңғыс Байқашев.