Алматыда спорттық және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, жұмыс тобының мүшелері, қызмет жеткізушілерінің өкілдері және басқалар қатысты.
Алтай Бердіқұловтың айтуынша, мемлекеттік аудиттің алдын ала нәтижелері бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды қаржыландыру және орналастыру ережелерін бұзушылықтар анықталды. Ол фактілерді тізіп берді:
- жоқ ЖСН-ге берілген ваучерлердің саны едәуір (2,5 мыңнан астам)
- басқа өңірлерде тіркелген балалардың ваучерлер алуы (18 мыңнан астам);
- бұрын Алматыда тұрған, бірақ тіркеуден шығарылған балаларға ваучерлер беру(тұрақты тұруға кетуге, тіркеу орнын ауыстыруға және т.б. байланысты)
- сонымен қатар, 4 жасқа дейінгі балаларға спорттық секцияларға ваучерлер беруге рұқсат етілді(150 факт).
"Қазіргі уақытта қолда бар ақпарат бойынша бюджет қаражаты есебінен жалған қызметтер мен Алматы қаласында тіркелмеген балалар үшін 2,5 млрд астам теңгеге төлем жүргізілген", - деп мәлімдеді Тексеру комиссиясының төрағасы.
Сонымен қатар, ақпараттық платформаны әзірлеушіге мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыру ережелеріне сәйкес artsport.edu.kz мыналарды ұсынуы тиіс: ақпараттық қауіпсіздікке сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт; білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау.
Сондай-ақ әзірлеушіге мәліметтерді орналастыру бойынша функционалдың сәйкестігіне техникалық аудит жүргізуге қолжетімділікті қамтамасыз ету талап етіледі:
1)спорт секцияларына сұраныс туралы;
2)мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспары туралы;
3)қаржыландыру жоспарының ай сайын орындалуы туралы;
4) спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің рейтингі туралы;
5) оператор ұйымдастыратын тегін іс-шаралар күнтізбесін ұсынады;
6) жеткізушілерден орындарды босату хронологиясы;
7) ваучерлерді беру хронологиясы.