Садақ ату мен тоғызқұмалақтан арнайы баулу сабақтары өткізілді
Студенттер де Наурызнама аясында Ұлттық спорт күнін кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мерекеге орай садақ ату мен тоғызқұмалақтан арнайы баулу сабақтары өткізілді. Студенттер белсене қатысқан іс-шараның соңында алғаш бағын сынауға келгендер өзара сайысқа да түсті.
– Ұлттық спорт түрлері салауатты өмір салтын қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Соның ішінде дәстүрлі садақ ату университет ішінде бірінші рет өтіп жатыр. Алдағы уақытта жыл сайын өткіземіз, – деді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Орман шаруашылығы және аңшылықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мұхтар Байбатшанов.
– Тоғызқұмалақ ойынын насихаттау мақсатында қызығушылық танытып жүргендерді үйретіп жатырмыз, – деді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті Бейбіт Әбілхай.
Оқи отырыңыз: Ұлттық спорт күні: елдің әр аймағынан жиналған сайыпқырандар Астанада бас қосты