Қазақстандық боксшы АҚШ-та GBO чемпиондық белдігін жеңіп алды
Sports.kz
А. Сатыбалдинова 2019 жылдың шілдесінен бері рингке шықпаған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Коммерс қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Гаити өкілі Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) рингке шықты.
Олар жеңіл салмақта GBO версиясы бойыншы чемпиондық белдікті сарапқа салды.
Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Аидаға берілді.
Осылайша, Аида Сатыбалдинова өзінің кәсіпқой боксындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Д.Павилус алтыншы рет жеңілді.
А. Сатыбалдинова 2019 жылдың шілдесінен бері рингке шықпаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дамир Ысмағұловтың бесінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30