|
28.03.2019 | 15:23
1261

Головкин маусым айында жекпе-жек өткізеді

Жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр

Головкин маусым айында жекпе-жек өткізеді inosmi.ru

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақ. Бұл туралы vesti.kz жазды.

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) пен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.


ExpressNews.com мәліметінше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.


GGG-дің ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың сөзінше, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр. Өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорке және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.


«Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады», - дейді Бедфорд.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир