Головкиннің алдағы жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін

16.02.2020 20:23

Міндетті үміткер Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек мамыр айында өтуі ықтимал

apnews.com

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн жақында берген сұхбатында қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметаға қарсы өткізетін жекпе-жек күні шамамен кейінге шегерілетінін мәлімдеді деп хабарлайды kaz.nur.kz.


Аталған жекпе-жек 2020 жылғы 11 сәуірде өтуі тиіс болған. Алайда, Matchroom Sport директоры бокс кешін өткізу орнына қатысты мәселеде келісімге қол жеткізілмеуіне орай бұл жекпе-жек кейінге шегерілуі мүмкін екенін жеткізді.

Talksport.com басылымы жазғандай, Головкин аталған жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді қалайды. Бұған дейін бұл нұсқа жоққа шығарылған. Алайда, дереккөздің жазуынша, енді бокс кешінің Қазақстанда өтуі мүмкін емес деуге келмейді. Ал егер келіссөздер барысында ақыры жекпе-жекті АҚШ-та өткізуге шешім қабылданаса, бұл мәртебеге Чикаго қаласының ие болу мүмкіндігі жоғары.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшының промоутері Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жек өткізу мәселесіне де тоқталып өтті.

Айтуынша, міндетті үміткер Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек мамыр айында өтуі ықтимал. Содан кейін "Конелоның" өкілдерімен келісімге қол жеткізілсе, трилогияны қыркүйек айында өткізу жоспарланған.