Алматылық оқушылар паратаеквандошы Камила Досмаловамен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы жалпы білім беретін №185 мектеп қабырғасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай паратаеквандошы Камила Досмаловамен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстанның бірінші паралимпиада ойындарының қатысушысы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ашық Еуропа чемпионатының жүлдегерімен өткен іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру.  

«Оқушыларымыз өте үлкен қызығушылықпен қабылдап жатыр. Мектепте тек сапалы білім беріп қана қоймай, оқушыларға саналы тәрбие беру – басты мақсат. Сонымен қатар оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру қажет», – деді № 185 жалпы білім беретін мектеп директоры Данагүл Кержикеева.

Спорт шыңында талай биік белестерді бағындарып жүрген Камила Досмалова алдағы11-12 желтоқсан күндері паратаеквандодан өтетін әлем чемпионатында еліміздің туын көтермек. Спортшымызға Алматы қаласының білім және спорт басқармасы қолдау көрсетті.  

«№185 мектеп ұжымы мен Алматы қаласының спорт басқармасы ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік қарсаңында үлкен іс шара өтті. Мектеп ұжымына, директорына қолдау білдіргені үшін көп алғыс білдіргім келеді», – деді паратаеквондошы Камила Досмалова.

Новости партнеров