Қазақстандық балуандар Минскте үш медаль жеңіп алды
inform.kz
Белорусь елінде күрес түрлерінен Гран-при кезеңі өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық балуандар Минскте күрес түрлерінен «Александр Медведь» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.
Белорусь елінде күрес түрлерінен Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер күресі бойынша сынға түскен қазақстандық балуандар ел қоржынына үш медаль салды.
Атап айтқанда, Аяжан Саду (72 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күміс медальмен күптелді. Ал 55 келіде белдескен бұрымды балуан Гүлдана Белдеш қоржынды қоламен толықтырды.
Айта кетерлігі, еркін күрес бойынша бозкілемге шыққан қазақстандық Азат Оганиссян финалға жолдама алды. 61 келіде бақ сынайтын ол жергілікті балуан Андрей Бекреновпен жарыстың алтынын сарапқа салады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34