Әлихан Хажатұлы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

19.12.2022 в 21:28

Турнирге әлемнің 17 елінен 150 ойыншы қатысты

Отандасымыз Әлихан Хажатұлы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 жасқа дейінгі балалар арасында ұйымдастырылған дода БАӘ өтті. Айтулы турнирге әлемнің 17 елінен 150 ойыншы қатысты. Жарыста ұпай швейцариялық жүйе бойынша есептелді.  Айта кетейік, Қазақстанның атынан барған Әлихан Хажатұлының жасы 12-де. Ол шахматпен 7 жасынан айналысып келеді.

«8-16 желтоқсан аралығында өткен халықаралық Шаржыдағы СUP турнирінен 9 турдан 8,5 очко жинап, бірінші орын алдым. 9 ойыннан 8-ойында қиын болды. Украинамен ойнаған», – деді халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы Әлихан Хажатұлы.