Бұл тек хоккей командасына емес, бүкіл елге қолдау көрсету мақсатында жасалған
Қазақстандық жанкүйерлер Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында 800 шаршы метрлік туды жайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл тек хоккей командасына емес, бүкіл елге қолдау көрсету мақсатында жасалған.
"Қазақстандық жанкүйерлер өздерінің хоккей командасына және бүкіл елге қолдау білдіру үшін 800 шаршы метрлік туды жайды. Біз сіздерді осында көргенімізге қуаныштымыз, достар!", - делінген Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы жариялаған видеода.
Еске салайық, 13 мамырда Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Норвегия құрамасын жеңді.