|
09.09.2022 | 15:32
680

Алматыда болидтер жарысы өтеді

Аталған шараға кез-келген адам қатыса алады

Алматыда болидтер жарысы өтеді sports.ru

Алматыда 2022 жылғы 11 қыркүйекте қолдан жасалған болидтерге арналған Red Bull Soapbox Race жарысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған шараға кез-келген адам қатыса алады. Red Bull Soapbox Race жарысына үш нәрсе жол ашады, олар: бірілігі жарасқан команда, көрнекті болид, жеңіске жетелейтін жігер. Бес адамнан тұратын команда жинап, болид конструкциясын құрастырып, команданы ерекше етіп таныстыруға болады. Болидті құрастыру ісінде қатысушыларға толық еркіндік беріледі. Тек мынаны есте сақтау қажет: жарыс көлігіне педаль мен қозғалтқыш орнатуға болмайды және салмағы 80 келіден, ал габариті бойынша – ұзындығы төрт, ені екі метрден аспауы тиіс. Аталған шарттар орындалмаса, техбайқаудан өте алмай қалу мүмкін.

Басты міндет – жарыс жолынан өтіп, мәреге жету. Тіпті болид жарыс жолында жайсыздыққа ұшыраса да, ештеңеге қарамай, ерік-жігерді жанып, мәре сызығына дейін жету керек. Жеңімпазды анықтайтын үш өлшемтарттың бірі – жылдамдық.

Қазақстанда жоба 2017 жылы басталды, ол кезде Алматыда алғашқы жарыс өтті. 2019 жылы жарысушылар қайта жиналды. Биыл Red Bull Soapbox Race үшінші рет өтеді.

Іс-шараға тіркеу ашық болып табылады және іс-шара басталған күні басталатын аймақта жүргізіледі. Іс-шарада қауіпсіздік жедел медициналық жәрдем көліктерінің, еріктілердің, ТЖД және полиция көліктерінің кезекшілігімен қамтамасыз етіледі. Бастапқы, мәре қалашықтардағы, сондай-ақ, трассадағы тазалықты қала қызметтері қамтамасыз етеді.

 Жарыс Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында өтеді, сағат 12:00-де басталады. 

Болид жарысының өтуіне байланысты 9 қыркүйекте сағат 22:30-дан; 12 қыркүйекте сағат 03:00-ге дейін көлік қозғалысы мына жерлерде уақытша тоқтатылады:

- Достық көшесінің солтүстік бағытында Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейін,

- оңтүстік бағытта Достық көшесімен Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін,

- Сәтбаев көшесімен Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін батыс бағытта.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир