Алматыда жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтті

06.05.2024 20:32

Биыл қайырымдылық іс-шарасы екінші рет өткізіліп жатыр

Almaty.tv

Алматыда «Қазақстанның әйелдер күштері альянсының» ұйымдастыруымен жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің маңдайалды оқу орындарының студенттері қатысқан сайыста іріктеуден 8 жұп өтті.

Айта кетсек, сайыс екінші рет өтті. Алғашқысы былтыр ұйымдастырылған.

– Кешке кіру билетін 5 мың теңгеден саттық. Одан түскен қаражатқа аз қамтылған отбасыларға газ тартып береміз. Мұндай қайырымдылық іс-шарасын былтыр да іске асырдық. Ол кезде Түрксіб ауданындағы жанұяларға қол ұшын бердік, – деді «Қазақстанның әйелдері күштері» альянсының Алматы қаласы бойынша төрағасы Балым Батаева.

Оқи отырыңыз: Соңғы император: Федор Емельяненко алматылық жас спортшылармен кездесті