Қазақстандық Ресейдегі турнирде бас жүлдені жеңіп алды

30.01.2022 22:00
Национальный олимпийский комитет

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілі Элмира Сыздықова «Иван Ярыгин» беделді Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ақтық жарыста Сыздықова Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты. 

Атап өтейік, жартылай финалда ол Мария Силинаны сенімді ұтқан. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.