Рахат Қалжан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты
ашық дереккөз
Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында еркін күрестен жарыстар басталды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандық Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақ санатында финалға шықты. Ол жартылай финалда қырғызстандық Алмаз Сманбековті 6:5 есебімен жеңді.
Ақтық сында Рахаттың қарсыласы Үндістан спортшысы Кумар Рави болады.
Сондай-ақ екі қазақстандық атлет жұбаныш финалына жолдама алды. Талғат Сырбаз (70 келіге дейін) бен Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін) үшінші орын үшін таласады.
Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34