Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына үш жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанға үш квота тиесілі (2018 жылдың 22 қазаны – 2019 жылдың 22 қазаны аралығы). Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша бұл нәтиже арқылы төртжылдық додасына үш спортшы жіберуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, 2004 жылдан бері біздің команда топтық сынға жолдама алып отыр.
Бүгін, 16 қараша күні Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) Қазақстан құрамасының үш жолдама иеленгенін ресми түрде бекітті.
Айта кетелік, квота жекелеген спортшыларға емес, командаға беріледі. 2020 жылғы Олимпиада ойындарында 197 велошабандоз сынға түседі (130 ер адам, 67 әйел адам).