Спартакиада жеңімпазы атанды
Сәкен Бибосынов спартакиада жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақта финалда негізгі қарсыласы Санжар Тәшкенбайды төрешілер шешімімен жеңді
– Мықты боксшы екенімді дәлелдедім. Санжар да жақсы боксшы. Бірақ ол жекпе-жекке дайын емес еді. Біз рингте қарсыласпыз, бірақ өмірде дос, бауырмыз. Біздің мақсатымыз Қазақстанның туын биікке көтеру. Алда Париж Олимпиадасына лицензия алуды көздеп отырмын. Қазірдің өзінде қола медалім бар, - деді Сәкен Бибосынов.
Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы Сан-Маринодан басым түсті