Қазақстандық құтқарушы қыз әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекорды тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда әлем чемпионатында әйелдер арасындағы «кедергілермен 100 метрлік жолақты еңсеру» бойынша Қазақстан Республикасының жаңа ұлттық рекорды орнатылды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Екінші талпыныстың алдын ала жүгіру барысында әйелдер ұлттық құрамасының спортшысы Регина Митрофанова 16,22 секунд нәтижесімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық рекордын орнатты», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 7 қыркүйекте Харбин стадионында әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі, ал 8 қыркүйекте әлем чемпионатының кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру  атты екінші кезеңі өтті. 

Оқи отырыңыз: Ақмарал Науатбек Паралимпиада алтыны үшін қанша ақша алады

Новости партнеров