Алматыда студенттер арасында түйе палуан анықталды

Алматыда студенттер арасында түйе палуан анықталды
Оған қаладағы 21 университеттен 22 тәлімгер қатысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындары арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Бір ерекшелігі онда тек ауыр салмақтағы жастар ғана күш сынасып, түйе палуан атағына таласты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұйымдастырушылар мұндай сайыстың жастар арасында алғаш рет өткізіліп отырғанын айтады. Оған қаладағы 21 университеттен 22 тәлімгер қатысқан.

«Түйе палуанның ерекшелігі – оған салмағы 90 келіден асатын палуандар ғана қатыса алады. Болашақта «Қазақстан барысына» қатысатын үміткерлер осы жігіттердің арасынан іріктеледі. Сондықтан жас палуандардың буындары бекісін деген ниетпен және жалпы жастардың қазақ күресіне деген жаңа құлшыныстары арттыру мақсатында осы жарысты ұйымдастырып отырмыз», – дейі төреші Еркін САЙДАҚОВ.  

Күрес нәтижесінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қос палуаны финалдық кездесуде жолығып, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болды. Олар алдағы уақытта республикалық бәсекелерде қала намысын қорғамақ.

Новости партнеров