Бұл Азия чемпионатында ел қоржынына түскен екінші алтын медаль
Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 81 келі салмақта бокстасқан Бек Нұрмағанбет ел қоржынына екінші алтын медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отандасымыз ақтық сында Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жартылай финалда, Нұрмағанбет қырғыз боксшысы Эркин Адылбек уулуын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
Айта кетейік, бұл бокстан Азия чемпионындағы Қазақстан құрамасының екінші алтын медалі. Бұған дейін, 75 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанған болатын. Алда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтің өзбекстандық Баходир Жалоловпен жекпе-жегі бар.