Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде Головкинге жақындады

09.01.2023 в 20:42

WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді

The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалса, WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұрын үшінші орында тұрған Деметриус Андраде екінші орта дивизионға өтуіне байланысты рейтингіден шығарылды.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың ТОП-10 келесідей:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан);

2 (2). Джермалл Чарло (АҚШ);

3 (4). Хайме Мунгия (Мексика);

4 (5). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

5 (6). Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания);

6 (7). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы);

7 (8). Риота Мурата (Жапония);

8 (9). Сергей Деревянченко (Украина);

9 (10). Эрисланди Лара (Куба);

10 (-). Феликс Кэш (Ұлыбритания)