Шахматтан 7 жастағы әлем чемпионы Малика Зиядин Жансая Әбдімәлікті ойынға шақырды

25.06.2022 15:37

Малика Панамада өткен Халықаралық турнирде қарсыластарынан басым түскен еді

Almaty.tv

Шахматтан 7 жастағы әлем чемпионы Малика Зиядин Жансая Әбдімәлікті ойынға шақырды. Жас спортшы бұл туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Отандасымыз жақында ғана Панамада өткен Халықаралық турнирде қарсыластарынан басым түскен еді. Маликаның бұл жетістігі – Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

«Менімен ойнаған қарсыластарды ұту қиындау болды. Соған қарамастан мықтылығымды дәлелдедім. Мен өскенде барлық дәрежеде әлем чемпионы болғым келеді. Сол үшін қазірден жаттығып, қызу дайындықты бастап кеттім», – деді әлем чемпионы Малика Зиядин.

Мектепте математиканы жақсы көретін Маликаның жеңістері әлі алда дейді анасы. Кейін Федерация өкілдері жас спортшының жетістігін жоғары бағалап, ақшалай сыйақымен марапаттады.  

«Әлем чемпионатына 1 жарым айдай дайындалдық. Ол күніне топта және жеке бапкерімен 6-7 сағаттан дайындалды», – деді Маликаның анасы Анар Тоққожаева.