|
18.02.2020 | 02:24
7970

Алматыда шайбалы хоккей жұлдыздары өнер көрсетті

Жалпы ойын қортындысы 7:6 алты есебімен «Легенда» командасының пайдасына шешілді

Алматыда шайбалы хоккей жұлдыздары өнер көрсетті Almaty.tv

«Медеу» мұз айдынында атақты Сергей Макаров, Алексей Гусарев, Валерий Каменский, Алексей Жамнов, Сергей Немчинов және Алексей Касатонов сынды жұлдыздар өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алғаш рет қысқы классика форматында ұйымдастырылған хоккейге жанкүйерлер келіп, сүйікті ойыншыларымен суретке түсіп, қолтаңба алды. Шараның негізгі бөлігі «Легенды Хоккея» мен Қазақстанның ардагерлер құрамасы арасындағы матч болды. Кіл мықтылар бақ сынағын сайыста қай команда суырылып алға шықты? Атақты мұз айдынынан Қуан Нұрақынның репортажы.

Бүгінгі «Медеу» мұз айдынының атмосферасы ерекше. Себебі, шайбалы хоккейден Кеңестік дәуірдің мықтылары бір алаңда бас қосты. Олар әуелі жанкүйерлерге қолтаңба қалдырып, естелік суретке түсті.

Аты аңызға айналған сүйікті ойыншыларымен бетпе - бет жүздесіп, қолтаңба алған жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ.

«Валерий Каменский деген, Александр Якушев деген бұрын папап екеуміз телевизордан қарайтынбыз. Соларды өз көзіммен көріп , автограф алуға сол үшін келдім», – деді бір көрермен.  

«Бұл командаларды теледидардан 1975-76 жылдардан бері көріп келе жатырмыз ғой. Көзбен көрген мүлдем басқа екен», – деді келесі бірі.

«Легенды Хоккея» мен Қазақстанның ардагерлер құрамасы арасындағы матч  өте тартысты өтті. Бір-біріне есе жібермеген қос команда ұпайды бірінен соң бірі еселеп отырды. Көрермен көзайымына айналған атақты Валерий Каменский ойыннан кейін  ойымен бөлісті.

«Бүгін аты аңызға айналған «Медеу» мұз айдынында өнер көрсету – мен үшін үлкен мәртебе. Ізімізді қалдырдық. Бізді көріп өскен жас балалар біз секілді хоккей таяғын қолына алып ойнаса, біз қуанамыз. Қазақстандықтарға қонақжайлығы үшін рахметімізді айтамыз. Әсіресе, алматылықтарға. Бәрі керемет!», – деді хоккейден әлем және олимпиада чемпионы Валерий КАМЕНСКИЙ.

Жалпы ойын қортындысы 7:6 алты есебімен «Легенда» командасының пайдасына шешілді.

Қуан Нұрақын, Қобылан Әлдибеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир